28 Шілде 2021
Жаңалықтар

Серуен - Мектепке дейінгі бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі

Серуен - Мектепке дейінгі бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі. Серуеннің мақсаты - бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру. Серуен барысында табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде табиғатты қорғау, еңбек және де басқа әрекеттер барысында жүзеге асады.