13 Сәу 2022
Жаңалықтар

Antikor ortalygy

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі мен өңірлік департаменттерінде «Antikor ortalygy» өз жұмысын бастады.
«Antikor ortalygy» жемқорлық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау алаңы болып табылады.
Antikor ortalygy-ның мақсаты азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау болса, міндеттері жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын , бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Antikor ortalygy-ның функциялары:
-жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды қабылдау;
-уәкілетті органдар мен сотқа жүгінуде жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне консультация беру және жәрдем көрсету;
-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен құқықтық нормаларды түсіндіру.


Орталықтың жұмыс уақыты: дс-жм, сағ 09:00-ден 17.00-ге дейін.